Оның жұбайы жауапкершіліктен босатылып отыр
«Шалабай атамның әруағы» деп жұртты емдеген шымкенттік емшінің ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді оның жұбайы да жауапкершіліктен босатылып отыр. Себебі полиция әйелдің іс-әрекетінде қылмыстық белгілердің жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін 53 жастағы Ұлықбек Сманов алты бірдей жетім баланы асырап алып, оларды адам төзгісіз жағдайға жеткізгені анықталған. Тіпті бүлдіршіндерге ит пен мысықтың етін жегізіп, жұмысқа жегіп келгені де белгілі болған. Өткен жылдың жазында сот тәуіпті «психикалық ауруға шалдыққан» деп, мәжбүрлі емге жіберді.
«Оның жұбайына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамау дерегі бойынша іс бөлек қаралды. Осы фактіге қатысты барлық мән-жай толығымен тексерілді. Нәтижесінде Смановтың жұбайына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімді қадағалаушы орган да қолдады», – деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Семейде дзюдодан ҚР чемпионаты басталды