Атырау облысында 41 тарихи ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді

Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы
Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы

Облыстағы 180 ескерткіштің қорғау аймағы бекітілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында биыл 41 тарихи ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді. Сонымен қатар 171 тарихи-мәдени мұра нысанына мониторинг жүргізіліп, 100 нысанға сараптама жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мәліметінше, мониторинг жұмысы Қызылқоға, Құрманғазы, Индер және Исатай аудандарында жүргізілген. Экспедициялық топ аталған аудандарды 20 күн бойы аралап, тарихи-мәдени нысандардың жай-күйін зерделеген.

Зерттеу барысында Қызылқоға ауданында 90, Құрманғазыда 40, Индерде 34 және Исатайда 7 нысан тексерілді. Сонымен бірге 100 нысанға сараптама жүргізіліп, оның 80-іне ескерткіш мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

Биыл 41 ескерткіштің аумағы белгіленді. Бұған дейін облыстағы 180 ескерткіштің қорғау аймағы бекітілген еді.

Мамандардың айтуынша, ендігі міндет — қорғау аймақтары белгіленген нысандардың кадастрлық және жоспарлау құжаттарын рәсімдеп, оларды тарихи-сәулет тірек жоспарлары мен карта-схемаларына енгізу.

Оқи отырыңыз: Атырауда есірткі таратты деген күдікпен екі бойжеткен ұсталды