Атырау облысында екі апта бұрын жоғалған Талғат Назаровтың мәйіті өзеннен табылды

28.01.2026 19:52

Төтеншеліктер ер адамның мүрдесін 2 метр тереңдіктегі су айдынынан шығарған

Атырау облысында екі апта бұрын жоғалған 59 жастағы Талғат Назаровтың мәйіті Жайық өзеннен табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер ер адамның мүрдесін 2 метр тереңдіктегі су айдынынан шығарған. Бұған дейін оның телефоны мен өзге де жеке заттары сол маңнан анықталған еді. Іздестіру жұмыстарына әскери бөлімі сарбаздары, 30-ға жуық ерікті жұмылдырылып, 9 бірлік техника мен жүзу құралдары, кинологиялық топтар, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.

«Құтқару жұмыстары аясында Жайық өзені жағалауы зерттеу мақсатында құтқарушылар сүңгуір жұмыстарын жүргізді. 28 қаңтарда жоғалған адамның денесі жеке заттары табылған аумақтан 100 метр қашықтықта өзенінен 2 метр тереңдікте шығарылып полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деді Атырау облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.

 Атырауда 59 жастағы азамат соңғы рет қызының үйіне барып, із-түссіз жоғалып кеткенін еске салайық.