Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты: төрт адам қаза тапты

azh.kz
azh.kz

Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Индер ауданында болған жол-көлік оқиғасы төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамырда сағат 06:30 шамасында аудан аумағындағы автожолдың 15-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata автокөлігі аударылып кеткен. Көлік тізгінінде 41 жастағы жүргізуші отырған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: СҚО-да былтыр өндірісте 46 адам зардап шекті

Новости партнеров