Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

16.04.2026 11:51

Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Атырау облысының Полиция департаменті

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның нақтылауынша, жоспарлы қызметтік тексеру барысында қалалық полиция басшысы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ІІМ.

Оқи отырыңыз: Павлодарда әскери қызметші өзіне оқ атып, қаза тапты