Жастарды өлімге ненің итермелегені белгісіз
Атырауда 15 және 16 жастағы қос жасөспірім өздеріне қол жұмсады. Бейресми ақпаратқа сәйкес, ұл баланың денесі екінші шілде күні Геолог ықшам ауданынан табылған екен. Ал екінші жеткіншек, яғни бойжеткеннің мүрдесі араға бір күн салып анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Ал жастарды өлімге ненің итермелегені белгісіз.
«Атырау қаласындағы 2009, 2010 жылы туылған екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы дерегіне қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ жасөспірімдердің араласқан ортасы толыққанды зерделеніп жауаптар алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда екі жылда 13 бала терезеден құлаған