Құтқарушылардың мәліметінше, мұндай факті ата-аналардың баланы қараусыз қалдыруынан болады
Маңғыстау облысында кейінгі екі жылда балалардың терезеден құлауына қатысты 13 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның бесеуі 2024 жылы, ал сегізі биыл маусым айына дейін болған. Яғни жазатайым оқиғалар былтырғымен салыстырғанда 60 пайызға көбейіп кетіпті. Құтқарушылардың мәліметінше, мұндай факті ата-аналардың баланы қараусыз қалдыруынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста болғандықтан, олардың жазатайым оқиғаларға ұшырау қаупі де артқан. Қазір бұл мақсатта өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сегіз баланың біреуі қайтыс болды. Жетеуінің жағдайы жақсы, қазіргі таңда үйлеріне жіберілді. Соңғы оқиға 24 мамыр күні тіркелді. Қазір рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ата-аналардан сұрайтынымыз, терезелеріне темір тор орнатуға немесе арнайы фиксатор, блокиратор орнату керек. Көбінесе балаларды жалғыз қалдырып кеткен себебінен болып отыр», – деді ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының М.А Мейірбек Исаев.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады