Тәртіп сақшылары киберқауіпсіздік бағытында 200-ге жуық мемлекеттік қызметкермен кездесіп, бақылауды күшейтті
Биыл Атырауда 300-ден аса тұрғын интернет алаяқтардың арбауына түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жымысқы әрекетке баратындар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, халықтың сеніміне кіріп, кейін жеке тұлғалардың деректеріне қол жеткізеді. Бұдан өзге, алаяқтар азаматтарға жалған инвестиция ұсынып, сілтеме жіберу арқылы жұртты сан соқтырған. Бұл ретте тәртіп сақшылары киберқауіпсіздік бағытында 200-ге жуық мемлекеттік қызметкермен кездесіп, бақылауды күшейтті. Олар тұрғындарды бейтаныс нөмірлерге және түрлі хабарламаларға жауап бермеуге әрі сақ болуға шақырады.
«Тағы бір ескеретін нәрсе – бейтаныс қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіздер, күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, жеке деректерді ешкімге бермеңіздер. Егер осындай жағдайға тап болсаңыздар, бірден банкке немесе полицияға хабарласыңыздар. Алаяқтар түрлі тәсілмен адамдарды алдайды, жалған инвестиция ұсынады, сілтеме жібереді, өздерін банк қызметкері деп таныстырады», – деді Атырау облысы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбетәлиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда қауіпті су айдыны анықталды