Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды
Атырауда дронның көмегімен бір күнде абаттандыру қағидаларын бұзудың 10-нан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары мен табиғат жанашырлары арнайы рейд ұйымдастырып, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 2800-ге жуық дерегі тіркелген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және қаланың тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет.
«Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Атырау облысы Полиция департаменті тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», — деді Атырау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Сағитжан Мұрзағалиев.
Оқи отырыңыз: Атыраудағы қамыс өрті екі күнде толық ауыздықталды