Атырауда балықшылар көпірден секірген бойжеткенді құтқарып алды

19.03.2026 14:41

Полиция мән-жайды тексеруді бастады

Атырауда 17 жастағы бойжеткен көпірден өзенге секіріп кетті. Оқиға түнгі екілер шамасында Жайық өзенінің жағасында болған, деп хабарлайды Almaty.tv  

Абырой болғанда, қыздың көпірден құлап бара жатқан сәтін сол уақытта балық аулап отырған тұрғындар байқап, бірден құтқарушыларға хабар берген. Бойжеткен бір өлімнен аман қалды. Жедел әрекет еткен әуесқой балықшылар алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Әзірге оның не үшін суға секіргені белгісіз. Полиция мән-жайды тексеруді бастады.

«Атырау облысының Төтенше жағдай департаментінің күштік құрылымдары 5 құтқарушы, 1 техника, 1 қайықпен оқиға орнына барып, аталған аумақтағы балықшылардың көмегімен 2009 жылғы қыз баланың шығарылғаны анықталды», – деді Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов.

Оқи отырыңыз: Жерді қуатты әрі ұзаққа созылатын магниттік дауыл басады