Атырауда бет-жүзін бүркемелеген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27.04.2026 14:34

Биыл  бет-әлпетті толық жауып, тануға кедергі келтіретін киім-кешекке тыйым салынған

Атырауда бет-жүзін бүркемелеген 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  Almaty tv.

Биыл тәртіп сақшылары облыс аумағындағы қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын, тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім-кешекке салынған тыйым бойынша 200-ден астам тұрғынға түсіндіру жұмысын жүргізген. Полиция қызметкерлері оларға 2 наурыздан бастап күшіне енген жаңа заң талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

«Құқықбұзушылық профилактикалық іс туралы жаңа заңына сәйкес, қоғамдық орындарда бет әлпетті толық жабатын тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім-кешекке тыйым салынғаны бойынша полиция қызметкерлері 200-ден астам тұрғынға түсіндіру жұмысын жүргізді. Жадынамалар таратылып, әлеуметтік желілерде жауапкершілік туралы ақпарат таратылды. Мұндай киім киюге тыйым салынып, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді», – деді Атырау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Сағытжан Мұрзағалиев.

Оқи отырыңыз: Алаяқтық: Шымкенте шетелдік азамат ұсталды