Атырауда дайын тұрған мектеп неге қолданысқа берілмеген

Тұрғындар болса, алысқа сабылып, үш ауысыммен оқитын ұл-қыздарының білімі нашарлап, оқуға деген ынтасы жоғалған деп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы Еркінқала-2 шағынауданының тұрғындары үш жылдан бері жаңа мектепке қол жеткізе алмай жүр. Соның кесірінен мыңнан астам оқушы үш ауысымды мектепте қас қарайғанша оқиды. Ата-аналар жауаптылардың салғыттығынан балалардың оқу үлгерімі нашарлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Еркінқала-2 ықшамауданындағы жұрттың жаңа мектепті күте-күте төзімі таусылған. Тұрғындардың айтуынша,құрылыс жұмыстары 3 жыл бұрын аяқталып, бірақ әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген нысан ескерткішке айналған. Бәрінен де балаларға обал.

«Нақты мектеп қашан ашылады? Оның дауы бітпей жатыр Еркінқаладағы мектеп1600 балаға есептелген. Ал жыл сайын бала саны артып отыр», – деді қала тұрғыны Гүлбарам Кәленова.

Тұрғындар болса, алысқа сабылып, үш ауысыммен оқитын ұл-қыздарының білімі нашарлап, оқуға деген ынтасы жоғалған деп отыр. Күн сайын ит өлген жерге бала тасу – нағыз азап.«Балалар 3 ауысыммен оқиды. Сағат 20:00-де келеді, қыста, тіпті қиын, сағат 00:30-да кұтіп аламыз. Аулады иттер бар деген сияқты. Мектеп алыс, такси жалдаймыз», – деді қала тұрғыны Марфуға Мақатаева.

600 орындық жаңа білім беру ошағына қазынадан 4 млрд теңге жұмсалған. Қазір мектеп толық дайын тұр. Бірақ ғимарат 3 жылдан бері пайдалануға берілмеген.

«Мектептің құрлысы 2023 жылы басталды. Қазір қабылдау процессі жүріп жатыр. Ішінде бәрі толықтай тұр. Қыркүйекте білім беруге тапсырамыз», – деді Атырау облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Райымбек Хамзаев.

Жауаптылар жаңа оқу жылына дейін мектепті пайдалануға береміз деп сендірді. Ал уәдеге тойған тұрғындардың үмітінен гөрі, күдігі басым.

Жұлдыз Қайратқызы, Атыраудан

Оқи отырыңыз: Елде түлектердің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

Новости партнеров