Атырауда емхана дәрігерлері сәбидің өмірін сақтап қалды

Almaty.tv
Almaty.tv

Бірнеше минут бойы сәби өмір мен өлімнің арасында болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда №6 қалалық емханасында төрт айлық нәрестенің өміріне қауіп төнген сәтте дәрігерлер жедел әрекет етіп, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қабылдау кезінде анасы баласын емізіп отырған сәтте кенеттен сәби тынысы тоқтап, терісі көгере бастады, денесі әлсіреп, өміріне тікелей қауіп төнді. Бірнеше минут бойы сәби өмір мен өлімнің арасында болды.

Дәрігерлер дереу көмекке кірісті: невропатолог апноэ ұстамасын анықтап, әріптестерін шақырды. Сәбиге оттегі терапиясы жасалды, ауыз қуысы тазартылды, ішкі қысымды азайту үшін газ шығаратын түтікше қойылды.

Әрбір әрекет үйлесімді және нақты орындалды. Нәтижесінде сәби біртіндеп тынысын қалпына келтіріп, жылап, сатурация деңгейі 74%-дан 84%-ға көтерілді.

Жедел жәрдем бригадасы келген соң нәресте облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, толық тексеру мен бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: 18 жастағы жігіт көз жұмды: екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Новости партнеров