Бостандық ауданында № 37 емхана халық игілігіне беріледі

Дархан Сатыбалды 500 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген нысанды толық аралап көріп, жұмыстың сапасын тексерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бостандық ауданында бой көтерген № 37 емханаға барды, деп хабарлайды Almaty.tv

Дархан Сатыбалды 500 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген нысанды толық аралап көріп, жұмыстың сапасын тексерді. Су жаңа медициналық мекеме барлық талапқа сай салынған. Үш қабаттан тұратын емхана толықтай заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Сәулелі диагностикадан бастап, эндоскопия бөлімі,  фтизиатриялық қызметке дейін бәрі қамтылған. Құрылысы наурызда басталған нысандағы жұмыс толық аяқталып, жақын уақытта халық игілігіне берілмек.

 «Нысанды 10 ай ішінде толық жүзеге асырдық. Қала балансына беруге дайынбыз. Ғимарат қолдану тұрғысынан өте үнемді. Барлық инженерлік жүйелері тексерістен өткен. Сонымен қатар бұл жерде КТ, МРТ, мамогроф секілді сәулелі диагностикалық бөлімшелер бар», – деді  жоба инженері Ерсұлтан Батан.

Оқи отырыңыз: Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 10 пайыз ұлғаяды

Новости партнеров