Олардың жеке бастары анықталып жатыр
Арам ойлары жүзеге аспай қалды. Атырауда есірткі затын заңсыз таратумен айналысты деген күдікпен екі бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға кеше кешкі сағат төрт жарым шамасында болған. Тәртіп сақшылары заңды белден басқан қыздарды арнайы операция жүргізу кезінде құрықтады. Қазір олардың жеке бастары анықталып жатыр.
«Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып, заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», Атырау облысы Полиция департаменті басқармасының бөлім бастығы Қоблан Мамитан.
Оқи отырыңыз: Санитариялық бақылау: Қызылордада мектеп асханалары тексерілді