Қызылорда облысындағы 165 мектептің асханасы санитарлық талапқа сай емес. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәселен, балалар тамақтанатын орында желдету жүйесі істен шыққан, ас үй жабдықтары жеткіліксіз, тоңазытқыштар да талапқа сай емес. Нәтижесінде 138 мектептің асханасын жалға алушы кәсіпкерлерге кем-кетікті жою туралы нұсқама берілді. Ал 27 білім беру мекемесінің асханасы осыған дейін берілген нұсқаманы орындамаған. Осылайша жауапты тұлғаларға хаттама толтырылып, 3 іс әкімшілік сотқа жолданған.
«Тамыз айының 10-нан бастап жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Бұзушылықтардың 90 пайызы санитарлық талапқа сәйкестендіріліп, жаңа оқу жылына балаларды қабылдауға, қауіпсіз тамақтану ұйымдастыруға дайын. 27 мектеп асханасының 21-і қорытынды алды. Төртеуі рұқсаттық бақылау жүргізілуде. Өтінішін түсіріп, қорытынды алуға жұмыс жасап жатыр», деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.
Оқи отырыңыз: Бала тілі неге кеш шығады - мамандар себебін айтты