Атырауда әйел адам полиция қызметкерін пышақпен жаралаған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жараланған қызметкерге медициналық көмек көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда әйел күйеуіне араша түспек болған учаскелік инспекторды пышақтап жаралады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қазанда кешкі уақытта Привокзальный ықшамауданында болған.

Учаскелік екі инспектор көршілес пәтерден шыққан қатты музыкаға, шуға және балағат сөздерге байланысты шағым бойынша шақыртуға барған.

«Тыныштықты бұзғандарды сабасына түсіруге тырысқан кезде, сол жерде болған әйелдердің бірі пышаққа жармасқан. Куәгерлердің айтуынша, инспектор арқасынан жарақат алған», - делінген хабарламада.

Жараланған қызметкерге медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп жоқ. 37 жастағы күдікті әйел ұсталды.

Шабуыл фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 6-бөлігі 1-тармағы («Билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Абайсызда досына оқ атты: Жамбыл облысында аңға шыққан 13 жастағы бозбала көз жұмды

Новости партнеров