Атырауда қатарласын аяусыз соққыға жыққан мектеп оқушылары бақылауға алынды

Полицияның мәліметінше, төбелес сәуірде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Жылыой ауданында тапа-тал түсте төбелескен мектеп оқушылары есепке алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Көше ортасында бір-бірін аяусыз соққыға жыққан жеткіншектердің жаға жыртысын оқушылардың бірі телефонға таспалап алған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада 13-14 жастағы жөсөспірімдер қатарласын ұрып, аяусыз соққының астына алған. Жерде жатқан баланың басынан бірнеше рет тепкен. Полицияның мәліметінше, төбелес сәуірде болған.  Жанжалға қатысы бар жеткіншектер бақылауға алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа қатысы бар 13–14 жастағы барлық жасөспірімдерді анықтады. Жасөспірімдер заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Кәмелетке толмағандар Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынып, жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Новости партнеров