Атырауда лифт шахтасына құлаған баланың жағдайы туралы айтылды

Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жеделсатыға құлаған баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жасөспірімге дереу көмек көрсеткен дәрігерлер осылай дейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Береке ықшамауданындағы тұрғын-үйлердің бірінде жеткіншектің лифтіге мінбек болып, шахтаға құлап кеткені жайлы ақпар тараған еді.

Есік жабылған сәтте бала велосипедін кіргізіп, өзі сыртта қалып қойған. Ал жеделсаты жоғары көтерілгенде бірге жармасыпты.

Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды. Ал әкімдіктегілер жауапты компаниямен келіссөз жүргізіп, енді техникалық тексеріс жүргізбек.

«Ол жеделсатыда «Каспий ЖШС» қызмет барысында тексерістер жүргізеді. Жалпы қызмет көрсетуші мекемесі бар. Қазіргі таңда мердігер мекемемен байланыстық, олар кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жерде жеделсатыда тиісті деңгейде қауіпсіздік шараларын сақтамай, талапқа сай емес әрекеттен осындай оқиға болып отыр», - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Оқи отырыңыз: Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

Новости партнеров