Атырауда шомылу маусымы кейінге шегерілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жауаптылар шомылатын орындар сенімгерлік басқаруға берілмейтінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда шомылу маусымы кейінге шегерілді. Өйткені қаладағы жағажайлар келушілерді қабылдауға әлі дайын емес. Қазір төтеншеліктер 12 шомылу орнын қадағалап, арнайы белгілерді орнатып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оған қоса, тұрғындар мен жабайы жағажайларда балық аулайтындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жауаптылар шомылатын орындар сенімгерлік басқаруға берілмейді деп отыр. Себебі бұған дейін жағажайды осы мақсатта алған кәсіпкерлер тарапынан тиісті инвестиция тартылмапты. Салдарынан мұндағы инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылмаған. Осыған байланысты әкімдік бұл тәжірибеден бас тарту туралы шешім қабылдады.

«Мамыр аралығында су тасқыны болады. Сол су тасқыны кезінде белгіленген жағажай орындарын тексере алмаймыз. Неге десеңіз су тасқыны кезінде, Жайық өзенінің, ағысы өзгереді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Бақытжан Қабақов7

Оқи отырыңыз: Стоматологиядағы тренд: ғалымдар тіс протезін жасаудың тың тәсілін таныстырды

Новости партнеров