Атырауда жоғалған отбасы туралы мәлімет таратқан хакерге халықаралық іздеу жарияланды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазір оның шетелде жүргені белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жоғалған отбасы туралы мәлімет таратқан хакерді интерпол іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін оның үстінен төрт қылмыстық іс қозғалған. Полицияның мәліметінше, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір оның шетелде жүргені белгілі болды. Бұған дейін ер адам өзін атыраулық хакер ретінде таныстырып, әлеуметтік желіде жоғалған жанұя туралы тың деректерді бөлісіп келген. Бірақ кейіннен құзырлы орган оның таратқан ақпараттарын жоққа шығарды әрі жалған мәлімдеме екенін растады.

Айта кетейік, отбасының ұлы Наурыз бен қызы Мейрамгүл әлі табылған жоқ. Ал полиция күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның шекара арқылы өтіп басқа елде жүргенін анықтаған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте қызды қуып жүріп, пышақтаған күдікті 2 айға түрмеге жабылды

Новости партнеров