Ал эпидемиологтар әзірге оқиғаға қатысты ресми арыз түспегенін хабарлады
Атыраудағы базарлардың бірінде сатылған самсадан жара таңғыш пен шаш шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық орындағы бұл жайт тұтынушыларды алаңдатып отыр. Қала тұрғыны самса жеймін деп, уланып қала жаздағанын әлеуметтік желіге жазған. Сұмдық жағдайдан шошынған көпшілік дүңгіршек иесін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ал эпидемиологтар әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми арыз түспегенін хабарлады. Егер азаматтар шағымданса, жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде кеңінен тараған базар дүңгіршектерінің сатып алынған самса өніміне қатысты бөгде зат бойынша СЭС және қалалық басқармаға арыз шағым келіп түспеген.Дүңгіршектер, киоскілер санэпидемиологиялық жағынан төмен саналғандықтан қорытынды алмай-ақ хабарлама жүргізу арқылы жұмыс жүргізе алады. Қазір100 дүңгіршек тіркеуде тұр. Сонымен қоса, биыл тағамнан улану фактілері тіркелген жоқ», – деді Атырау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Анар Нәубетова.
Оқи отырыңыз: Елімізде мобильді аударымдар тексеріле бастады