Атыраудағы әскери бөлімде мерзімін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы әскери бөлімде мерзімін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Қайғылы жағдай «Қарабатан» полигонында жауынгерлік даярлық кезінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша марқұм қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздық салдарынан өзін атып алған көрінеді. Басынан жарақат алған сарбазға алғашқы көмек көрсетіліп, дереу облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер барлық реанимациялық ем-дом жасағанымен, сарбазды аман алып қалмады. 21 жастағы мерзімін өтеуші былтыр Батыс өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты 41/433 әскери бөліміне қабылданған. Қазір оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

 «ҚР Қарулы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. Аталған факті бойынша ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров