Атыраулықтар ауыз суға зәру
Жұрт тіршілік нәрін дүкеннен сатып алуға мәжбүр
Атыраудағы Мирас ықшамауданының тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көріп отыр. Жыл сайын жазда тоқтап қалатын ауыз су мәселесі жұртты әбден мезі еткен, деп хабарлайды Almaty.tv
Мирас ықшамауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері ауыз судан тарығып отыр. Айтуынша, тозығы жеткен құбырлар жиі жарылып кетеді. Жұрт тіршілік нәрін дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Кейбірі суды басқа аудандардан тасып ішеді екен.
«Қырық күн шілдеде апта сайын су өшеді. Суды сатып алып ішеміз. Бәрі жарамсыз сынып тұр,тиянақты жасамай ма, білмеймін?» – деді қала тұрғыны Жұмагүл Қали
«Судан зардап шегеміз, 19 литрлік суды сатып алып ішеміз. балаларды жуындырамыз. Уақытында су болса жақсы ғой. Әкімдіктен пайда болмады, жиі жиі өшеді, алдымызда қыс келе жатыр. Мұз болып қатып қалса, қайтеміз?» – деді қала тұрғыны Бауыржан Бекмолдаев.
Жауаптылар құбырлардың ескіргенін жасырмайды. Бірақ әзірге жаңасын орнатып береміз деуге асықпады. Судың жиі өшуін қысымның көтерілуінен деп түсіндірді.
«Үнемі труба жарыла береді, апат болады. Шіріген темірлерді ауыстырып жатырмыз. Құбыр ескірген, қысым көп. Ауланығ бақшаға суды көп пайдаланады, қысым түсіп, апат боп жатыр», – деді «Атырау облысы су арнасы» КМК инженері Амангелді Жұмабаев.
Әзірге ескі құбырлардың қашан жаңартылатыны белгісіз. Ал шыдамы таусылған мирастықтар мәселенің тездетіп шешілуін талап етіп отыр.
Жұлдыз Қайратқызы, Атыраудан
Оқи отырыңыз: Павлодарда 4 жастағы бала сегізінші қабаттан құлап кетті