Ауыл – ел бесігі: Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарының талабы орындалды

Қарнақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының тұрғындары 8 жылдан бері мәдениет ордасына мұқтаж. Өйткені 15 мыңнан аса тұрғыны бар елдімекендегі мәдениет үйінің әбден тозығы жеткен. Жаңартып беруді талап еткен халықтың өтініші орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтырақ айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аймақта 300 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылыс басталды. Үш қабаттан тұратын ғимараттың бүгінде техникалық қабатына монолит жабу жұмыстары жүріп жатыр. 107 млн теңге бөлінген жобаның құрылысы 2025 жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек.

"Мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы 2016 жылы жасалған. Бірақ қаржылай қолдау таппаған. Қазіргі таңда 107 млн теңге қаралып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұған дейін мәдениет үйі болған. Бірақ ол жарамсыз күйде болғандықтан жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, қолдау тапты", – деді Кентау қаласының бас  сәулетшісі Данияр Байсейітов.

Оқи отырыңыз: Алматыда көшені жарықтандыру бойынша ауқымды жобалар аталды

Новости партнеров