Автобус апаты: Астанада аяғынан айырылған қыз балаға қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі кезде баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына -жақты көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv елорда әкімдігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік пен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесті.

Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:

  • автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі уақытта заң аясында тиісті рәсімдер жүргізілуде);
  • қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
  • отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;
  • медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;
  • әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр.

Баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Зардап шеккен қыз баланың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді.

«Қала әкімдігі алғашқы күннен бастап зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп келеді. Бұл шаралар отбасыға жанашырлық пен шынайы қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Біздің өкілдеріміз отбасымен тұрақты байланыста болып, зардап шеккен қыз баланың сауығып, жан-жақты қолдау алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр. Сонымен қатар ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылған болатын. Полиция мәліметінше, жүргізуші маневр жасау кезінде тізгінге ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордадағы ауруханаларға 15 адам жеткізілді. Дәрігердер 2017 жылы туған қыздың аяғын кесу мәжбүр болған.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда 8 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Новости партнеров