Автокөлік иелеріне қызмет көрсету кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға қызмет көрсету кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді. Жаңашылдықтың не үшін енгізілді?

Almaty.TV-дің  студия қонағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаменті директорының орынбасары Мұхтар Отарбайдан білсек.

 – Мұхтар мырза, биометриялық сәйкестендіру технологиясы не үшін қажет?

«Міндетті биометриялық сәйкестендіру Мамандандырылған орталықтарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және өтініш берушілердің сенімді идентификациясын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Жүйе автокөлік иесінің жеке қатысуын фотоидентификация арқылы тіркейді және суретті автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен салыстырады. Бұл жүйе қызмет көрсетілетін нақты азаматтың қатысуын қамтамасыз етуге, оның мүліктік құқықтарын қорғауға, алаяқтық пен жалғандықтың алдын алуға, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу процедурасының ашықтығын және бақылауын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе енгізілмей тұрып, көлік құралдары иесінің қатысуынсыз ресімдеу жағдайы тіркеліп, бұл ауыр тәуекелдерді тудырды. Биометриялық сәйкестендіру осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін тиімді құралға айналды».

– Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Орталық қызметкерлерінің жұмысында қандай да бір өзгерістер бола ма?

«Биометриялық сәйкестендіру жүйесі келесі түрде жұмыс істейді: азамат орталыққа жүгінген кезде оның биометриялық деректері (бет келбеті) суретке түсіру арқылы тіркеледі. Бұл деректер жеке басын растау үшін деректер базасымен салыстырылады. Егер деректер сәйкес келсе, азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал егер деректер сәйкес келмесе, орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады».

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

Новости партнеров