Ескі көлік иелерінде салық мөлшері азаяды
Құны 20 мың айлық есептік көрсеткіштен яғни, 78 миллион теңгеден асатын көлік сатып алсаңыз, табысыңыз бен мүлкіңіз туралы декларация тапсырасыз, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кірістер комитетіне есеп темір тұлпар атыңызға жазылғаннан кейін, 1 жыл ішінде берілуі тиіс. Демек азаматтар келер жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, қаржылық операциялары мен өзге де мүлкін көрсетуі керек деген сөз. Ал ескі көлік иелерінде керісінше, салық мөлшері азаймақ. Бұған дейін, мұндай автокөліктерге салынатын салықтың сомасы қозғалтқыштың көлеміне қарай есептелсе, ендігіде автомобильдің жылына байланысты болмақ. Яғни көліктің зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан болса өтейтін сомаңыз - 30 пайыз, 20 жылдан көп болса - 50 пайызға төмендейді.
Оқи отырыңыз: Балалармен қауіпсіз сапар: нені білу қажет