Азия чемпионаты: каратэден ұлттық құрама дайындығын пысықтады

Дүбірлі дода 23 – 25 мамыр аралығында Өзбекстан астанасында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каратэден ұлттық құрама Азия чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар оқу-жаттығуды Түркістан облысында өткізеді. Ал бірер күннен кейін каратэшілер байрақты бәсеке өтетін Ташкентке аттанады.

Айта кетейік, дүбірлі дода 23 – 25 мамыр аралығында Өзбекстан астанасында болады. Жүлдеге 29 мемлекеттің 421 спортшысы таласпақ. Ел намысын қорғайтындардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері, Дүниежүзілік ойындардың және жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары бар.

«Құрама командада жақсы деген спортшылар іріктелді. Жақсы спортшыларға үміт артып отырмыз. Алдағы Азия чемпионатында жақсы нәтижеге жетеміз деген үміттеміз», – деді Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Дархан Асаділов.

«Бұйыртса, алдыңғы жылғы нәтижені қайталауға тырысамыз немесе одан да жоғары нәтиже көрсетуге, әнұранымызды шырқатуға бар күшімізді саламыз. Жаттығу жиыны өте жақсы өтіп жатыр», – деді каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай.

Оқи отырыңыз: Уфада Қазақстан ТЖМ құрамасы ұлттық рекордты жаңартты

Новости партнеров