Бәкір Тәжібаев -100: ақынның қара домбырасы музейге ресми табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатыда көрнекті ақын, драматург әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Ал ақынның ұлы Жасұлан Тәжібаев әкесі ұстаған қасиетті қара домбыраны музей қорына ресми түрде табыстады. Мерекелік жиында «Сазген» ансамблі, Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Қосанова және белгілі өнерпаздар композитордың танымал әндерін шырқап, көрерменге рухани кеш сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама ғасырға жеткен асыл мұраны ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

«Мен өте қуаныштымын. Мақсатым – әкеміздің шығармашылығын, өлеңдерін, туындыларын жас ұрпаққа жеткізу. Әкемізден қалған домбырасын мұражайға сыйға беріп жатырмын. Бұл – енді тарихи жәдігер», – деді Б. Тәжібаевтің ұлы Жасұлан Тәжібаев.

Оқи отырыңыз: Аңызға айналған «Қан мен тер» трилогиясы алғаш рет балет сахнасында қайта жаңғырды