Қарабалиндер отбасы мүшелерінің өліміне қатысты тергеу қылмыстың бір мезгілде жасалмағанын анықтады
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы қанды қылмысқа байланысты жаңа деректер пайда болды, еп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қарабалиндер отбасы мүшелерінің өліміне қатысты тергеу, қылмыстардың бір мезгілде жасалмағанын анықтады. Нақтырақ айтсақ, күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті мамыр айында өлтірген. Кейін қарашада ерлі-зайыпты зейнеткерлерді, сосын Мейрамгүл Мұқанғалиеваны жайратып салған.
Белгілі болғандай, сараптамада марқұмдардың әрқайсысының денесінде бірнеше жерден кесілген жарақаттардың бары анықталған. Тергеу 29 жастағы күйеубалаларының қылмысты жалғыз өзі жасағанын әрі үшінші тұлғаның қатысуынсыз болғанын растап отыр. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиевтің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Ал Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты түпкілікті қорытынды әлі шыққан жоқ. Болжам бойынша қылмыстық іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Тергеу жалғасуда.
«Сыртқы күштердің ешқандай ықпалы жоқ. Барша күдіктілер мен жәбірленушілер жеке қалған уақытта жеке дара орын алған. Сыртқы күштердің әсері, басқа тұлғалардың қатыстылығы бұл жерде анықталған жоқ. Барлық жәбірленушілердің денелерінде тергеу барысында анықталған ас үй пышағымен кесілген және тесілген дене жарақаттары анықталды», – деді Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда көлік ішінен әйел адамның денесі табылды