Байқоңырлық студенттер енді кедергісіз жұмысқа тұра алады

Байқоңырдағы ғарыштық мекемелерде жұмыс істеуге өзге өңірлердің жастарын тарту да қарастырылып жатыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Байқоңырлық студенттер отандық және ресейлік ірі кәсіпорындарға кедергісіз жұмысқа тұра алады. Мұндай келелі келісім жұлдызды қалашықта өткен халықаралық форумда жасалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болған жиында Серғазы Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі мен «Инфракос» және «Бәйтерек» кәсіпорындары арасында  меморандумға қол қойылды. Оқу ошағында 300-ден аса студент кәсіптік-техникалық бағытта білім алады. Кәсіпорындармен жасалған уағдаластық олардың кедергісіз жұмысқа орналасуына сеп болмақ.

 «Бәйтерек» жобасы биыл желтоқсанда бірінші зымыраны ғарышқа ұшады деп жоспарлап отыр. Қазір қазақстандық мекемеде біздің мамандар жұмыс жасап жатыр. ірақ негізгі жұмыс басталған кезде одан екі есе, көптеу маман қажет болады. Сол себепті Байқоңыр колледжімен екіжақты келісімшартқа тұрып, мекемелерге маман иелерін дайындаймыз. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағын дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймыз», – деді ҚР президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.

 «Биыл бірігіп «Бәйтерек» кешенінен Союз-5 зымыранын ұшыруымыз керек. Бұл тұрғыда жұмысшы мамандардың керек екені анық. Сондықтан Байқоңыр жоғары колледжі маңызды рөлге ие. Бітірушілер колледж қабырғасынан алған білімін кәсіби алаңда қолдануға мүмкіндік алады. Сондықтан оларға сәттілік тілеймін!»– деді В. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің директоры Дмитрий Шаталов.

Форум аясында «Мамандығым - мақтанышым» атты халықаралық байқау өтті. Онда Қазақстан мен Ресейдің 15-ке жуық кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері ғылыми жобасын таныстырды. Үздік деп танылған жобалар «Еуроскилс» конкурсына қатысуға мүмкіндік алған. Ал басты жаңалық Байқоңырдағы ғарыштық мекемелерде жұмыс істеуге өзге өңірлердің жастарын тарту да қарастырылып жатыр.

«Осындай жұмыстар республиканың беделді жоғарғы оқу орындарымен жалғасын табады. Осындағы 10-нан астам қазақстандық мекеме және өзге де  кәсіпкерлер жұмысшы мамандықтары бойынша бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады, – деді Қайрат Нұртай.

 

 

 

 

Новости партнеров