Бақыт Сәрсекбаев Бекзат Саттархановтың рухына құран бағыштады

11.06.2025 18:07

Ол Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралады

b.sarsekbayev

Бақыт Сәрсекбаев Бекзат Саттархановтың үйіне барып, марқұмның рухына құран бағыштады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Түркістан облысында Алматау базасында оқу-жаттығу жиындарындамыз. Кеше Түркістан қаласына соғып, бауырым, ағам Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралап көріп, Сырлыкүл анамызға сәлем беріп, Бекзат ағама Құран оқып шықтым", – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

Бақыт Сәрсекбаев - бокстан ұлттық құрамаға резерв дайындайтын, 22 жасқа дейінгі боксшылардың бас бапкері. 

Оқи отырыңыз: Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады