"Бақытты Қазақстан жасай берсін": Алматы тұрғындары Республика күнімен құттықтады

Еліміздің Мемлекеттік егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 қазан – тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланған тарихи күн. Осыдан 35 жыл бұрын, 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, елдің дербес дамуына жол ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұл құжат – елдің бағытын белгілейтін, тәуелсіз мемлекет тірегін айқындаған алғашқы саяси қадамдардың бірі. Содан бері халқымыз еңсесін тіктеп, өзге елдермен тереземіз теңесіп, талай белестен сеніммен өтіп келеді. Ұлттың рухын көтеріп, ұрпаққа тәуелсіздіктің қастерлі құндылығын ұғындыратын айшықты мерекеде тұрғындардың пікірін тыңдап, айтулы дата жайлы көзқарастарын білдік.  

«Аспанымыз ашық болсын. Жеріміз гүлдей берсін, иманымыз күшейе берсін. Бірлігіміз болсын, бірлігімізбен бірге тіршілігіміз болсын! Ұрпағымыз аман болсын. Осындай жақсылық күндер көбейе берсін! Қиыншылық артта қалсын! Алда тек жақсылық, қуаныш болсын. Халқым аман болсын!», - деді қала тұрғыны.  

«Қазақ халқын Республика күнімен құттықтаймын. Халқым аман-сау болсын! Өніп, өне берейік. Бақытты Қазақстанымыз жасай берсін! Талантты жастарымыз елімізді әлемге танытып жатыр. Спортта да жақсы жаңалықтарымыз көп. Жастарымыз Қазақстанды дамыта берсін. Жастар көп болсын!» - деді тағы бір тұрғын.

Оқи отырыңыз: Азаттықтың ақ таңына тағзым: Алматыда салтанатты іс-шара өтті

Новости партнеров