"Бүгініміз бен болашағымыздың көрінісі": қазақстандықтар Республика күнімен құттықтады

Республика күні – тәуелсіздігіміздің темірқазығы, мемлекетіміздің орнығуына серпін берген тарихи белес

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бұл күн - біздің бүгініміз бен болашағымыздың көрінісі». Республика күнінің мән-маңызына қатысты халық осындай ой айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Биыл еліміздің Егемендік декларациясы қабылдағанына 35 жыл толды. Дәл осы тарихи құжат – дербес мемлекет ретінде қалыптасуымыздың алғашқы кезеңі. Декларация Қазақстанға өз аумағындағы байлықтарға иелік ету, ұлттық заңнама мен басқару жүйесін дамыту құқығын заң жүзінде бекітті.

Республика күні – тәуелсіздігіміздің темірқазығы, мемлекетіміздің орнығуына серпін берген тарихи белес.  

«Барша отандасымды Республика күні мерекесімен құттықтаймын. Себебі бұл – біздің тарихымыз, қазіргі бақытты күндеріміз және болашағымыз. Жастарымызға осы мереке арқылы Отанымызға құрмет, еліміз болашағына сенім, бойына патриоттық сезім сыйлаймыз. Бәріңізге зор денсаулық, ашық аспан, амандық пен тек жақсылық тілеймін! Қазақстанымыз әрқашан биіктен көрініп, жайнай берсін!» – деді қала тұрғыны Нұргүл Сағатбаева.

«Біршама жыл бойы елеусіз болып кеткен айтулы күннің елімізде кең ауқымда қайта аталып өтіп жүргені қуантады. Бұл мерекенің мәні ерекше. Республика күнінің қайта жаңғыруы тарих үшін де, ертеңгі болашақ үшін, жастар тәрбиесі үшін де аса маңызды», – дейді қала тұрғыны Рабиға Сарбала.

Оқи отырыңыз: "Бақытты Қазақстан жасай берсін": Алматы тұрғындары Республика күнімен құттықтады

Новости партнеров