Заң Парламент депутаттарының бастамашылдығымен әзірленген
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Заң Парламент депутаттарының бастамашылдығымен әзірленген. Құжаттың негізгі мақсаты – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы елдің заңнамасын жетілдіру, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің және азаматтардың әлеуметтік қорғалуының тиімділігін арттыру.
Осы орайда заң қолданыстағы Еңбек кодексіне, Әлеуметтік кодекске, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Рұқсаттар және хабарламалар туралы, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, - деді сенатор Руслан Рүстемов.
Бұл ретте, Еңбек кодексіне:
Сондай-ақ еңбек заңнамасын ереуілдерді өткізуге қатысты жекелеген мәселелер бойынша мынадай нормалармен толықтыру:
Сонымен қатар ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға күтім жасаған уақытын еңбек өтіліне есептеуге қатысты нақтылаулар енгізіледі. Заңды қабылдау нәтижесінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек құқықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қамтамасыз етіледі, - деді депутат.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда құрылысқа бөлінген 160 млн теңгені жымқырғандар анықталды