Ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылатыны туралы шағымданған еді
Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады, деп хабарлайды Almaty.tv Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады.
Түзету мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді.
Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.
«Түзетулер Оқу ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.
Оқи отырыңыз: Енді жоғары сынып оқушылары дайын маман атанады