Балаларымызға негізсіз айып тағылып отыр: жалған ордермен ұсталған екі жасөспірімнің анасы алаңдап отыр

15.05.2025 13:12

Жасөспірімдердің қорғаушылары адам құқығы бұзылған бірнеше дәлелді алға тартып отыр

«Балаларымызға негізсіз айып тағылып, сотталып кете ме деп қорқамыз». Соттың табалдырығын 4 айдан бері тоздырып жүрген Түркістан облысының азаматтары осылай деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені Сарыағаш ауданында тұратын екі жасөспірімді былтыр жазда полиция департаментінің жедел уәкілдері Қонаев қаласында ұстаған. Оларға Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткіздің деп айып тағылыпты. Бірақ уәкілдердің жасөспірімдерді ұстау туралы бұйрығы болмаған. Ата-анасына да хабар берілмеген көрінеді.

«Қапшағайда судың жағасында 2 баланы қорқытқан. «Сендер танимыз, күніне 250-300 адамның списогын жаздық» деп айтасыңдар деген. Кішкентай балалар ондай адамның тізімін жазуы мүмкін емес», – деді ата-ана Махаббат Шуйншалиева.

Ең сорақысы полицейлер қос жеткіншекті әкелген соң, Түркістан облысы адвокаттар алқасының бланкісіне жалған ордер жасаған. Тергеуші ол үшін Шымкент қаласындағы адвокаттың аты-жөнін пайдаланған. Жасөспірімдердің қорғаушылары адам құқығы бұзылған бірнеше дәлелді алға тартып отыр. Дегенмен сот айыпталушылардың негізін ескерусіз қалдырды. Ал шымкенттік адвокатқа жалған қол қойғызу бойынша бөлек арыз қалдыру керек.

Оқи отырыңыз: Атырауда 100-ге жуық мас жүргізуші ұсталды