Ержан Жанұзақов блогерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады
Сот отырысының басында судья Ержан Жанұзақов блогерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Құрметті сот отырысына қатысушылар, әлеуметтік желілерде іске мүлдем қатысы жоқ блогерлер мен басқа да азаматтар тергеу әрекеттері мен сот талқылауына қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беріп жатыр. Осыған байланысты ҚР Конституцисының 75-бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын, сонымен қатар сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейтінін және ол заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз", - деді судья.
Сонымен қатар Ержан Жанұзақов іс қаралып бітіп, үкім шығып, ол заңды күшіне енгенге дейін сот процессіне құқықтық баға беруге жол берілмейтінін ескертті.
"Сот шешімді объективті, даусыз дәлелдер негізінде қабылдайды. Үкім шыққанға дейін сотқа қысым жасауға, негізсіз және дәлелсіз сын айтуға жол берілмейді. Іске қатысты субъективті пікір таратуға болмайды. Бұл кей жағдайларда сотқа қысым жасау әрекеті ретінде бағалануы мүмкін. Осыған байланысты блогерлер мен басқа да желі қолданушыларына арандатушылық сипаттағы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сот объективті әрі негізделген үкім шығаратынына кепілдік береді", - деді сот.
Еске салайық, Шерзат Полаттың әкесі төбелесті бастауға бұйрық берген адамның кім екенін айтты
Сот отырысында сотталушылардың туыстары шу шығарды
Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды
Дана Жақсыгелді сотталушылардың қолынан пышақ пен мылтық көргенін айтты
Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауаптары талқыланды
Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты
Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты
Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты
Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.
Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді
2024 жылы 4 қазанда төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болды.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.
Биыл ақпанда Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған