30 жастағы әйел балаларына көрсеткен қатыгездігінің барлығынын мойындады
Шымкентте туған балаларын аяусыз ұрып-соғып, денесін үтікпен күйдірген әйелге сот үкімі шықты. Ол ата-ана құқығынан шеттетіліп, 5 жыл 3 айға түрмеге жабылды. Безбүйрек ана істеген ісіне өкініп, ұл-қыздарынан жылап тұрып кешірім сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
30 жастағы әйел балаларына көрсеткен қатыгездігінің барлығынын мойындады. Ол туған ұл-қызының денесін қызып тұрған үтікпен күйдірген. Тіпті шанышқыны қыздырып, аузына басқан. Алайда келіншек мұндай адам шошырлық әрекетті жасағанда есімді білмедім деп ақталды.
«Менің күйеуім Эргешов Бабур всегда мені ұрып үш қызыма зорлық-зомбылық жасайды. Наша шегіп алып, не істегенін білмейді, миы істемейді. Балаларым мемлекет қамқорлығына алынғаны дұрыс. Олар балалардың жәрдемақсымен өмір сүріп келген. Мемлекеттен ақша өндіру үшін балалардың заңды өкілі болмақшы», – деді сотталушы Гүлмира Эргешова.
Дегенмен сот айыпталушының бұл уәжін негізге алған жоқ. Судья балаларға жасалған мұндай қатігездік ешқандай жағдайда ақталмайтынын атап өтті. Сондықтан келіншекке бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Қыстың қақаған күнінде, 12 қаңтарда Қошқар ата өзеніне апарып, екеуін зорлап, мұздай өзеннің суына түсіріп, сол жерде тұншықтырған. Сот осы әрекеттердің дәлелін тапты деп есептейді. Бұдан бөлек, 11 жастағы қызының ұзын шашын ұстарамен тап-тақыр етіп алып тастаған. Баласының шаштарын ойып-ойып әр жерінен алып тастаған», – деді судья Алтын Білтебай.
Сотталушы тарап үкіммен келіспейтінін ашық айтты. Олар судья істі біржақты қарады деп есептейді. Қорғаушылар балалардың әкесін де ата-ана құқығынан айырып, жазаға тарту керек деп отыр.
«Енесі бала-шағасын алып, сыртқа шығып кетеді, байы сіңілімнің үстіне шығып, аузына тряпка байлап, ұрады. Төрт балаға әке де, шеше де жауапты. Өмірге екеуі алып келген соң, екеуі де жауапты деп ойлаймын», – деді сотталушының әпкесі.
Бүгінде зәбір көрген ұл-қыздардың әкесі де заң алдында жауап беріп жатыр. Дегенмен ол сот процесі әлі аяқталмаған. Ал кәмелетке толмаған төрт бала мемлекет қамқорлығында.
Лаура Бабас, Абзал Тұрабеков, Шымкенттен
Оқи отырыңыз: Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру: Алматыда ашық есік күні өтті