Алматыда алимент алушылардың пайдасына 500 млн теңгеден астам қаржы өндірілген

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл жүйе, егер борышкер шешіммен келіссе, жеке сот орындаушыларының қатысуынсыз-ақ өндіріп алу процесін жеңілдетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматыда жыл басынан бері алимент алушылардың пайдасына 500 миллионнан астам теңге өндірілген. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спикердің айтуынша,  жекеменшік сот орындаушыларының қарауында 22 688 алименттік іс болған, оның тек 70-і нақты орындалған, 2 879-ы аяқталған, ал 1 000 іс проблемалы болып қалуда.

«Жыл басынан бері алимент алушылардың пайдасына 500 миллионнан астам теңге (568 361 752 теңге) өндірілді. Осы шаралар аясында 37 автокөлік пен 5 жылжымайтын мүлік іске асырылған», - деді Кесебаева.

 Алайда, алименттер бойынша сот шешімдерін орындау көбіне борышкердің ақшасының, тұрақты жұмыс орнының немесе өндіріп алуға жататын мүлкінің болмауына байланысты күрделене түседі.

«Осындай қиындықтарға жауап ретінде жыл басынан бері Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп үш жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осы шаралардың арқасында 234 борышкер жұмыспен қамтылды, бұл алимент өндіріп алу тиімділігін едәуір арттырды. Егер борышкер жұмысқа орналасудан бас тартса, оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік күтеді», – деп толықтырды спикер.

2024 жылы енгізілген жаңалықтардың бірі – шағын айыппұлдар мен қарыздарды өндіріп алуға бағытталған «Жеңілдетілген өндіріс» бағдарламасы. Кесебаеваның айтуынша, 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдар 20 тамыздан бастап автоматтандырылған жүйе (ГАИ СИП) арқылы өндіріледі. Бұл жүйе, егер борышкер шешіммен келіссе, жеке сот орындаушыларының қатысуынсыз-ақ өндіріп алу процесін жеңілдетеді.

«Біз азаматтарымыздың мүддесі үшін атқарушылық өндіріс тиімділігін арттыруға және рәсімдерді жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастырамыз. Жеңілдетілген өндірістің енгізілуі – өндіріп алу процесінің автоматтандырылуы мен ашықтығына қарай жасалған үлкен қадам», – деп қорытындылады Балайым Кесебаева.

Айта кетейік, Алматы қаласында 24 мемлекеттік және 291 жекеменшік сот орындаушысы қызмет атқаруда, олардың негізгі міндеті – сот актілерін мәжбүрлі түрде орындау.

Новости партнеров