Баласын батареяға байлап ұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баласын батареяға байлап ұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Перзентін аяусыз соққыға жыққан келіншектің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Бейресми мәліметтерге сенсек, бейнежазбаны баланың әкесі түсірген. Жаға ұстатарлық жайт Жетісу облысында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, туған баласына озбырлық көрсеткен ана қамауға алынған.

«Тергеу барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық із қозғалды. Әйел қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жай анықталғанға дейін отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданатын болады», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Шарапиев.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: Жаңаөзенде 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды

Новости партнеров