Жалған ақпарат: Алматының мектептеріндегі террористік актіге қатысты полиция пікір білдірді

Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мүмкіндігінше көбірек адам өлтіруге тырысамын». Әлеуметтік желіде Алматының бірқатар мектебінде террористік актілер дайындалып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Хабарламада шабуылдың 20 қаңтарда 8 мектепте болатыны айтылған. Аталған жағдайға қатысты қалалық Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір білім беру мекемелеріндегі жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған.

«Фейк хабарламаның авторы мен ақпарат көзі анықталып жатыр. Оны таратқан тұлғалар Қазақстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпарат тарату ауыр құқықбұзушылық саналады және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», – деді Алматы қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Баласын батареяға байлап ұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

 

 

 

 

Новости партнеров