Балқашта құны 2,2 млн теңгенің заңсыз вейп саудасының жолы кесілді

06.08.2025 18:55

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша іс қозғалды

Аlmaty.tv

Балқашта полицейлер құны 2,2 млн теңге болған вейптің заңсыз саудасының жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында электронды темекі қоспаларын заңсыз сатудың жолын кесті.

«Сауда нүктесінің үй-жайларын мұқият тексеру кезінде тергеу-жедел тобы вейптер мен қосалқы материалдар партиясын тәркіледі. Тәркіленген электронды темекілердің жалпы құны 1,2 млн теңге, ал қосалқы материалдардың құны 1 млн теңге деп бағаланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу темекіге жатпайтын өнімдерді, электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату және тарату үшін жауапкершілік көздейтін бап бойынша басталды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында тауда жарақат алған әйел құтқарылды