Барлық жақсылық – балаларға: Алматыда бүлдіршіндерге арналған акция өтті

Аниматорлар дайындаған қызықты ойындар мен интерактивті бағдарлама балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы республикалық Достық үйі бүгін ерекше жадырап, балалардың шат күлкісіне толды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара жүзден астам бүлдіршіннің басын қосты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Жылдағы әдетіміз бойынша бүлдіршіндерге арналған акция өткізіп жатырмыз. "Барлық жақсылық - балаларға", олар әрдайым жақсы болғанын қалаймыз", - деді республикалыө Достық үйінің басшысы Нұрсәуле Әбдіқадырқызы.

Мерекелік кеште сөз алған зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен кәсіпкерлер балаларды жаздың алғашқы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Олар өскелең ұрпақтың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсуі – ортақ міндет екенін атап өтті.

"Ұлт өкілдері  Достық үйімен бірлесіп балалар мерекесіне үлкен іс-шара өткізіп жатырмыз" - деді Алматы қаласы "Тоғызқұмалақ" федерациясының президенті Руслан Қалиоллаев.

Аниматорлар дайындаған қызықты ойындар мен интерактивті бағдарлама балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз: Теңіздегі мереке: Әскери теңізшілер балаларына тосынсый жасады

Новости партнеров