Баршаның назарына: Қазақстанның 9 өңірінде дабыл қағылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Адамдар көп жиналатын орындарда да сейсмикалық жаттығу өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ертең Қазақстанның 9 өңірінде дабыл қағылады. Бұл сейсмикалық қауіпті жағдайларда әрекет ету машығын жетілдіруге арналған «Жер-2025» оқу-жаттығуының аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ 24 шілдеде сағат 10:00-де Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысында «Баршаның назарына!» сиренасы ойнайды. Дайындыққа республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатыспақ. Адамдар көп жиналатын орындарда да сейсмикалық жаттығу өтетінін ескертеміз.
Оқи отырыңыз: Елімізде алдағы бірнеше тәулікте 42 градус ыстық болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
08.10.2026 17:29