Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Үш адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы жол апаты 19 желтоқсанда шамамен сағат 10:05-те Самара — Шымкент автожолының 270-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Фольксваген Пассат» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі мен «Фольксваген Пассат» көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті

Новости партнеров