Bayraktar: Түркияның әйгілі дроны елімізде құрастырылуы мүмкін

Жоба жан-жақты зерттеліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның әйгілі Bayraktar-ы жақын арада Қазақстанда құрастырылуы мүмкін. Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары аталған дронды өндіретін компаниямен алдын ала келісім жасалғанын және қазір жоба жан-жақты зерттеліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 Асқар Мұстабеков «Бұл сұрақ жақын арада шешімін табады» деп қысқа ғана қайырып, нақты уақытын айтқан жоқ. Сондай-ақ ол Қазақстанда дрон өндірісін дамыту немесе арнайы зауыт салынуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

«Әрине,  осы бағытта жұмыстар атқарылатын болады. Жоспар бар, бірақ бұл жабық информация болғандықтан, сіздерге айта алмаймын», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков

Оқи отырыңыз: Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық сенбілік өтеді

Новости партнеров