Базар ма, әлде супермаркет пе: Қазақстанда қалай тиімді сауда жасауға болады
Елімізде 1,5 млн адам сауда саласында жұмыс істейді
Қазақстанда сауда саласында 1,5 млн адам жұмыспен қамтылған, бұл елдегі жұмыс күшінің 17%-ына тең. Бұл туралы Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде айтылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Зерттеуге сәйкес:
- Қалалық тұрғындар супермаркеттер мен сауда орталықтарын артық санайды;
- Ауылдық жердегі халық пен егде жастағылар базарлар мен дәстүрлі сауда орындарын жиі таңдайды;
- Тұрмыстық тауарлардың 36,9%-ы, азық-түліктің 33,3%-ы супермаркеттерден алынады;
- Киімнің 43,1%-ы базарлардан сатып алынады.
- Онлайн-сауданың үлесі артып келеді. Киім мен тұрмыстық заттарды интернеттен сатып алу жастар мен әйелдер арасында кең таралған. Электрондық сауда нарығы 2022 жылдан бері 60%-ға өсіп, 2024 жылы 3,2 трлн теңгеге жетті. Оның бөлшек саудадағы үлесі 14,1%-ды құрады, - делінген ақпаратта.
Салада әйелдердің үлесі басым, сауда қызметкерлерінің үштен екісі әйелдер. Сонымен қатар, ерлер үлесі де 2021 жылғы 30%-дан 2024 жылы 33%-ға артқан.
Көтерме сауда айналымы соңғы алты жылда 27 трлн теңгеден 47,2 трлн теңгеге дейін өсіп, 74,8% өсім көрсеткен.
Ал бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы 11,3 трлн теңгеден 2024 жылы 23,6 трлн теңгеге жетіп, екі еседен астам артқан.
Оқи отырыңыз: Баян Алагөзова Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастады