Жыл соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланған
Бүгінгі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан аркалардағы бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркеуде. Олар құқық бұзушылық фактілерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында жасаған мәліметінше, 2026 жылдың соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланған.
Компания жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырып келеді. Соның маңызды бағыттарының бірі – ақылы автомобиль жолдарында лазерлік визуалды бағдарлау жүйелерін орнату.
«Аталған жұмыстар республикалық маңызы бар жолдардың 22 учаскесінде жүзеге асырылды. Олардың қатарында Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – Ресей Федерациясы шекарасы бағыттары және өзге де стратегиялық маңызы жоғары дәліздер бар. Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Бұл өз кезегінде - қозғалыс жылдамдығы мен бағытын уақытылы түзетуге; ұзақ әрі бірсарынды учаскелерде рөлде қалғып кету қаупін азайтуға; жүргізушінің зейінін арттыруға және жол жағдайын қабылдауды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Д.Иманашев.
Оқи отырыңыз: Ауылдық округтер бюджетін мүлік салығы есебінен кеңейту ұсынылды